“Ақтөбе – Маңғыстау“ бағыты бойынша пойыз қайта іске қосылды

Көлік министрлігі №109/110 "Ақтөбе – Маңғыстау" бағыты бойынша жолаушылар пойызы қатынасын қайта іске қосты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көп жыл бойы бұл бағытқа "Otpan Logistik" ЖШС секілді жекеменшік тасымалдаушы қызмет көрсетіп келген. Осы уақыт ішінде жолаушылардан вагондардың жай-күйіне қатысты көп шағым түскен. Соған байланысты бұл компаниямен жасалған келісім жолаушылар құрамын жаңарту жөніндегі міндеттемелер орындалмағандықтан бұзылды.

Енді "Ақтөбе – Маңғыстау" бағыты бойынша пойыз қатынасын ұлттық тасымалдаушы - "Жолаушылар тасымалы" АҚ жүзеге асырады және отандық өндірістегі жаңа жолаушылар вагондары пайдаланылады.

Пойыз құрамында 5 купелік және 6 плацкарт вагон бар, олар 400-ден аса жолаушыға есептелген.

Көлік министрлігі бұл бағытты жаңарту - ел бойынша жолаушылар тасымалының сапасын арттыру және теміржол паркін жаңғырту жөніндегі жалпы бағдарламаның бір бөлігі екенін атап өтті. Әсіресе пойыз негізгі көлік түрі болып саналатын әлеуметтік маңызы бар бағыттарға ерекше назар аударылып отыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!