Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімі бойынша Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен Азамат Бекет Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Азамат Бекет - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің және Экономика және құқық академиясының түлегі.
2016 – 2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
2018 – 2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып еңбек еткен.
2020 – 2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2021 жылдың ақпан айынан Ақтөбе облысының Хромтау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!