Ақтөбе-Астрахань тасжолында 10 көлік жол апатына ұшырады

Ақтөбе облысында 10 көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, Ақтөбе-Астрахань тасжолында, Тамды ауылының маңында 10 көлік жол апатына ұшыраған.

"Жол апаты салдарынан үш адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз