Ақтөбе әкімі қызметі 1,5 миллион долларға ұсынылған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері бұл туралы деректі фильмде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Адамдар ештеңеден қорықпай, өздерін жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісі ретінде танысқан. Осылайша, олар саяси лауазымдарға тағайындау үшін ақша талап етеді. Мысалы, биыл Ақтөбе қаласының әкімі қызметі бір жарым миллион долларға ұсынылған. Олар алғашқы бөлігін, яғни 30 миллион теңгені беру кезінде ұсталды", - делінген фильмде.
13 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 30 жыл толды. Президенттің телерадиокешені ҰҚК қызметіне арналған жаңа деректі фильмді ұсынды.
Фильм кейіпкерлері - Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің қызметкерлері. Олар қызметтерінің ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Фильмде ең алдымен, мемлекет қауіпсіздігіне төнген қатердің алдын алуға бағытталған ҰҚК жұмысына ерекше көңіл бөлінген.