Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрының қоюшы-режиссері Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев дүниеден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрына сілтеме жасап.
Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев - 1950 жылы 16 наурызда Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Төңкеріс ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). Құрмет орденінің иегері (2011) атақтарын алған.
"Абай" (Оразбай), "Абылай хан" (Қалдан шері, Орыс елшісі), "Ревизор" (Дуанбасы), "Томирис" (Балхаш), "Қамар сұлу" (Омар), "Махаббаттыңғажап әні" (Қожақ), "Атжылаған түн" (Төраға), "Құдалар" (Момын), "Мөлдір махаббат" (Әбутәліп) және басқа спектакльдерде ойнайды. "Мосфильм" киностудиясының "Дивизия командирінің күні" (Барлаушы), "Қазақфильм" киностудиясының "Әлия" (Солдат), "Өтелмеген қарыз" кинофильмдерінде ойнаған.
Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: М. Задорновтың "Күйеуіңізді сатыңызшысы", Б. Мұқайдың "Кавалерлері", О. Боранбаевтың "Баламуты", Қ. Мұхамeтжанов пен Ш. Айтматовтың "Фудзиямадағы кездесу" және басқалар. М. Әуезовтің 100 жылдығына арналған Халықаралық фестивальда "Қобыланды" спектаклінің қойылымы үшін "Ең үздік режиссер" Бас жүлдесін алған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз