Актер Шәріп Серік қызды ұрды деген ақпараттан кейін Sәlem Entertainment компаниясы онымен барлық байланысты тоқтататынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Sәlem Entertainment компаниясы актер Шәріп Серікпен әріптестік қарым-қатынасын тоқтату туралы шешім қабылдады. Соңғы оқиғаларға байланысты Sәlem Entertainment ұжымы Шәріп Серікті "қара тізімге" енгізіп, онымен кез келген ынтымақтастықты толығымен тоқтатты.
Бұған дейін жарияланған "Шакал" сериалы мен Qarga сериалының үшінші маусымы ресми түрде жабылды. Сонымен қатар, актер Meow сериалының екінші маусымында басты рөлдердің бірін сомдауға тиіс болған, алайда ол жобадан толықтай алып тасталды", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ, "Патруль:последний приказ" фильмінің шығармашылық ұжымы актер түскен көріністерді кинонұсқадан алып тастау үшін белсенді жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.
"Актермен барлық келісімшарт тоқтатылды", - деді компания өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін танымал актер қызды ұрып-соқты деп айыпталғаны, полиция тексеріс бастағаны хабарланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әлия Бутеева есімді қазақстандық сурет-видеолар жариялады. Актер Шәріп Серік қыздың артынан жалаң аяқ жүгіріп шығып, қолынан ұстап, лифттен шығарып алғаны айтылады. Ал суреттен қыздың беті қызарғаны көрінеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова