- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Актер Қайрат Әділгерей...
Актер Қайрат Әділгерей кинодан қанша қаржы түскенін айтты
Актер, дубляж шебері Қайрат Әділгерей жуырда "Хотя бы в кино 2" фильмін түсірген болатын. Ол ең кассалы кино қатарынан көрінді. Ол бұл кинодан қанша ақша тапқанын "Ұйқым келмейді" бағдарламасындай айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әзілкештің айтуынша, ол кино саласындағы рекордты бұзғысы келген. Алайда касса рекорд бұзбаса да ойдағыдай жинағанын айтты.
"Динара Сәтжанмен сұхбат кезінде 2 миллиард тапқым келеді" деп айтқанмын ғой. Дегенмен 2 миллиард болмады, бірақ та миллиардтан асырдық. Шамамен 1 миллиард, 27 миллион 585 мың түсті. Бұл бірақ рекорд емес. Рекорд Нұрлан Қоянбаев мырзанікі. Миллиард 181 миллион екен. Біз енді екінші орындамыз. Миллиардер продюсер ішінде бірінші Нұрлан Қоянбаев, сосын мен. Бірақ қарызға ақша бермейтін адам қатарынанмын", - дейді актер.
© видеоскрин
"Ол ақшадағы энергияңды беруге болмайды деген сөз. Солай қалыптасқан тандем", - дейді Қайрат Әділгерей.
Қайраттың жары, әнші Бақыт Тұрман күйеуінен табыс көлемін сұрағанын жасырмады.
Әрине, енді әйел адам болған соң "табыс өзіңе қалды ма, болды ма?" деп сұрадым. Дегенмен бір киноның арғы жағында қанша адам бар. Киноның продюсері де, инвесторы да мардымды табыс таппайды екен. Тіпті миллиард жинап тұрса да", - дейді актердің жары.
© әлеуметтік желі
"Төлейтін салығың бар, басқасы бар, түскен ақшаны бөлесің, өзіңнің шығарған ақшаң бар. Егер де инвестор бір ғана адам болса, өзіңе жақсы пайда келеді. Ал егер екі адам болса, онда салған ақшасының 30-40 пайызын ғана табады. Кино шетелде түсірілген соң өте қымбатқа түсірілді. 175 миллион киноның бағасы, 25 миллион рекламаға кетті. Бізде енді киноны олай созбаймыз. Ары кетсе 3-пен тоқтаймыз", - дейді Қайрат Әділгерей.
Айта кетейік, бұған дейін біз өнерпаз Қайрат Әділгерейдің дубляж жасап қанша жалақы алатынын жазған болатынбыз. Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы