"Өнер қырандары" театрының актері, шоумен Жанболат Найзабеков театрдан кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесінің әріптестері өздерінің instagram storis-де айтты. Театр мүшесі Дана Тұрарбек актер Жанболат Найзабектің мұндай шешім қабылдағанын күтпегенін жеткізді.
"Бірге жүрмек бар, бірге өлмек жоқ. Ішім алай-дүлей бола бастады. Бұлай инстаға салатын нәрсе емес ақ қараны ажыратып алу керек еді. Өнер қырандары театрымыздың қарсаңында Жанболат Найзабек Ресейге кетемін деп "шок" қылды, - деп жазды Дана Тұрарбек.
Өнерпаздың айтуынша оған Ресейден арнайы жобалардың біріне шақырту түскен актер Жанболат Найзабек сол ұсынысты қабылдағанын және жуырда кететінін айтты.
"Маған таңдау жасау өте қиын. Мен алға қарай дамығым келеді", - деп жазды ол.
"Өнер қырандары" театрының директоры егер нақты ауқымды ұсыныс болса, онда қабылдау керектігін егер уақытша болса, театрда қалуын жеткізген-ді. Дегенмен театр instagram парақшасына жазба жариялап, оқырмандарын сабырға шақырды.
"Құрметті достар, сабыр етіңіздер. Бірнеше сағаттан соң толық мәліметті жариялаймыз. Жанболатты сөкпеңіздер себебі әрнәрсенің хайыры бар", - деп жазды.
Желі қолданушылары актердың театрдан кеткенін қаламайтынын айтып, түрлі пікір қалдырған.
"Жанболат кетсе менде кетем ренжімеңдер", "Ринатқа өкпелеп қалды ма не?", "Киносы шығайын деп жатыр еді ғой. Тағы бір пранк шығар", "Ашығын айтқанда, Мадияр мырза мен Жанболат мырза бүкіл қойылымға жан беріп көтеріп жіберетін", - деп жазды олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!