Қазақстандық актер Аян Өтепберген осыдан бірнеше күн бұрын ақтөбелік аруға сырға салып, ұзатып алған болатын. Бүгін өнер иесі дүркіретіп той өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актердің тойынан естелік суреттерді әріптестері мен әншілер желіде жариялады. Соның бірі Нұрболат Абдуллин. Ол Аян Өтепберген мен қалыңдығының бейнежазбасын салды.
"Театр және кино саласының тұйғыны теңін тапқан күн", - деп жазды әнші.
Сондай-ақ, тойда Төреғали Төреәлі жас жұбайларға арнап, ән шырқаған.
Өнер иесі де актерді бүгінгі қуанышымен құттықтап, тілегін білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!