Актер Алмат Сақатов: "5 мың доллар берсең, ертең алып береміз атақты" деді

Актер Алмат Сақатов: "5 мың доллар берсең, ертең алып береміз атақты" деді
Фото: скрин

Актер Алмат Сақатов кезінде мемлекеттік награданы алу үшін 5 мың доллар сұраған адамдар болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекеттік награда алуға ұмтылдық. Жігіттер екі рет жіберді. Бірде бір азамат, өзімнен үлкен ағам айтты "5 мың доллар берсең, ертең алып береміз атақты" деді. Мен бес мың долларды атақ үшін бергенше, онсыз да жұмыс істеп жүрмін, халық біледі, маған олай сатып алған атақ керек емес" дедім. Әйтпесе ол кезде ақша болған. Содан кейін екі-үш рет ұсынды. Қазір соңғы министр, соның қолына барған кезде екі рет өтпей қалды. Тура өзі айтқан жоқ, бірақ бір жігіттер "мынау отырғанда сен өтпейсің" деді. Себебі жас кезімізде, 1993-жылдары ұстасып қалған кездеріміз болған. Ол кезде жұлдызбыз. Сол кезде кездесіп қалғанбыз. "Кет әкең" деймін. Оның өз кінәсі да бар, содан кейін есінде қалды ма екен?", - дейді актер Ashyq podcast youtube-арнасына берген сұхбатында.

Актердің сөзінше, бұл оқиға экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының кезінде болған.

"Бірақ менде керемет бір атақ бар: сені ол атақты мен ештеңеге өзгертпеймін. Себебі сенің ауылың, сенің ауданың жерлестерің сыйласа, ең үлкен атақ сол. Мен ауданның құрметті азаматымын, екі жыл бұрын берген, мен қатты таңғалдым, себебі менен де үлкен азаматтар бар", - дейді Алмат Сақатов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz