Актер Әбілмансұр Серіков те кино түсіріп жатқанын хабарлады

Танымал актер Әбілмансұр Серіков қазір қоғамда блогер де, актер де кино түсіріп кеткенін айтып, өзінің жақсы жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Revue News бағдарламасында айтып берді. 

"Қазір неше түрлі кино түсіріліп жатыр. Блогерлер де, актерлер де түсіріп жатыр ғой. Мен де солардан қалмайын дедім. Жасым да 35-ке келіп қалыпты. Құдай қаласа, қатардан қалмай, біз де бір нәрсе бастауымыз керек болып тұр", - деген ол кино түсіруді қолға алғанын жеткізді. 

Актердің айтуынша, түсіріп жатқан киносында әкесі Әбунасыр Серіков басты рөлде болады екен. 

"Жұрттың көңілінен шығатын, ойынан шығатын, эмоция шығаратын, кішігірім тақырыптарды көтеретін дүние жасау жоспарда бар. Фильмде Әбунасыр Серіков, Қобыланды Болат, Олжас Абай, Шерхан Пірназар, көптеген замандасым болады. Жақсы касса жинаймын деп ойлаймын", - деді ол.

 Еске салайық, жақында Әбілмансұр Серіков алғаш рет жеке өмірі туралы сұхбат берген боалатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!