Қытайдан Ақтауға велосипедпен келген турист жергілікті тұрғындардан көмек сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам 27 сәуірде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан шығып кеткен. Ақтауға келген саяхатшы 29а ықшамауданындағы құрылыс дүкенінің қызметкерлеріне көмек сұрап жүгінген.
Дүкен қызметкері Айбек туристің есімі Хуан екенін айтты. Ол 39 жаста. Ол Алматыда болып, Өзбекстан арқылы жүріп, Нөкіске барып, жексенбіде, 11 маусымда Ақтауға жеткен. Одан кейін турист Бакуге баруды жоспарлаған.
Саяхатшының интернет-трафикі таусылған. Ер адам Әзірбайжанға сапарға виза алу үшін және қолма-қол ақша алу үшін банкомат іздеп жүрген. Оның қолма-қол ақшасы болмаған.
Басылым мәліметінше, қазір ер адам дүкенде. Қызметкерлер оған алкогольсіз сусындар беріп, көмектескен. Турист қытайша сөйлейді, ал ағылшын тілінде еркін сөйлей алмайды. Онымен онлайн-аудармашы арқылы сөйлесу керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!