- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтаулық спортшы қызды...
Ақтаулық спортшы қызды зорлап, өлтірді деген күдіктіге үкім шықты
Бүгін, 5 наурызда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты 21 жастағы Валерия Шалнованы өлтіріп, зорлады деген күдіктіге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
8 айға созылған тергеу мен сот ісін айыптау үкімімен аяқтады. Зардап шеккен тараптың адвокаты мен оның туыстарының айтуынша, судья сотталушыны 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды. Валерияның туыстарының айтуынша, айыпталушы өз кінәсін ақыры мойындамаған.
Бұл шешімге зардап шеккен тараптың адвокатының да көңілі толған. Үкім бүгін ғана шыққан және заңды күшіне енген жоқ. Адвокат Ажар Әбділ алда апелляциялық процестерді күтеді.
Еске салайық, 21 жастағы ақтаулық спортшы қыздың денесі былтыр 2 шілдеде табылған болатын. Марқұмның туыстары Валерия Шальнова суицид жасады дегенге сенбеген. Қоғамдық наразылықтан кейін полиция бұл істі "Кісі өлтіру" деп өзгертті. 13 қазанда іс материалдары сотқа жіберілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина