- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтаулық кәсіпкер көру...
Ақтаулық кәсіпкер көру және есту қабілетінен айырылған жастарды жұмыспен қамтыды
Ақтау тұрғыны әлеуметтік дәмхана ашып, мүмкіндігі шектеулі 14 адамды жұмыспен қамтып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Іскер әйел көру және есту қабілетінен айырылған жастарды аспаздық өнер, әкімші және даяшылық қызметке баулыған. Жомарт жүрек әйелдің ендігі мұраты - қалада тігін цехын ашып, мүгедек жандардың тігіншілік өнерді үйренуіне жағдай жасау.
Әлеуметтік дәмхананың ерекшелігі сырт көзге бірден байқалады. Шағын залда отырған адамдардың сөйлескен дауысынан басқа дыбыс жоқ. Тұтынушылар таңдауы түскен ас-сусынды даяшыларға ас мәзірінен нұсқап көрсетеді. Тәртіптің бұзылмауын әкімші Айнұр Зәкір бақылап тұр. Алматы қаласының тумасы бала күнінде есту және сөйлеу қабілетінен айырылған.
"Мұндағы жұмысқа таңертең келген уақытта бірінші тазалыққа мән береміз. Содан кейін сатып алулар бойынша тізімін тізіп беремін. Содан кейін закупқа адам жіберемін. Мұндағы жұмысым өзіме ұнайды. Әр қызметкер өз жұмысына жауапты", - дейді дәмхана әкімшісі Айнұр Зәкір (ишаратпен сөйлейді), Ардақ Жақсылықова - сурдоаудармашы.
34 жастағы Станиславтың жұмысқа тұрғанына үш айдан асты. Бұрын жиһаз цехында түрлі жұмыс істеген. Қазіргі қызмет орны туралы ақпаратты әлеуметтік желіден тапқан. Аспаздың көмекшісі боп істейді. Туабітті құлағы естімейтін, сөйлей алмайтын жігіт аз уақытта ұжымда үлгілі қызметкер атанған.
"Осы жердегі ұжым өзіме ұнайды. Бір-бірімізге көңіл бөлеміз. Жақсы сөйлесеміз. Семья құрған ба? – Ия, бір қызым бар. Жолдасы да өзі сияқты сөйлемейтін, естимейтін келіншек. Іскер әйел Бибігүл Рамазанова Астанаға барған сапарында әлеуметтік дәмханада болғанын айтады. Мүгедек жандардың еңбекке деген зор ынтасын көріп, Ақтауда дәл осындай жоба ашуға мақсат қойған. Былтыр қала әкімдігінен бос ғимарат беріліп, оның іші-сыртын жөндеуге құрылысшылар қол ұшын созған", - дейді аспаздың көмекшісі Станислав Гапан (ишаратпен сөйлейді).
Іскер әйел Бибігүл Рамазанова Астанаға барған сапарында әлеуметтік дәмханада болғанын айтады. Мүгедек жандардың еңбекке деген зор ынтасын көріп, Ақтауда дәл осындай жоба ашуға мақсат қойған. Былтыр қала әкімдігінен бос ғимарат беріліп, оның іші-сыртын жөндеуге құрылысшылар қол ұшын созған.
"Қазір 15 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Оның ішінде 14-і құлағы естімейді, сөйлемейді. Жас ерекшеліктері, 20 мен 30-дың аралығындағы жастар десем болады. Олар жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы 107 мың теңге алады", - дейді әлеуметтік кәсіпкер Бибігүл Рамазанова.
Алдағы уақытта ерекше дәмхана қызметкерлеріне қол сағаты тәріздес арнайы құрал берілмек. Залға адам кірген сәтте цифрлық құрылғы жарықпен белгі береді. Оларды сатып алу үшін қалалық мансап орталығынан 1 миллионнан астам теңге бөлінген. Жалпы Маңғыстау облысында есту және сөйлей қабілетінен айырылған 1120 адам бар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина