Ақтауда лифтіде он жеті жастағы жігіт 5 және 13 жастағы қыздарға шабуыл жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Балалардың анасы оқиғаның қалай болғанын "НеМолчи.kz" қоғамдық қорына айтып берген. Оның сөзінше, оқиға 11 қазанда тұрғын үйдің кіреберісінде болған.
"13 жастағы қыз жігітті бірден байқаған, себебі ол ашық түсті рюкзак таққан, оны бұрын "көрмегенмін" деп ойлаған... Бұл жігіт оларды кіреберісте күтіп тұрған екен, ал лифт жабылғанша, жалаңаш жыныс мүшесімен кіріп, қызға тиісе бастаған", - делінген мақалада.
Қыз қатып, қозғала алмай қалған. Сіңлісінің шошып кеткенін байқап, оған қашып кет деп айқайлаған. Содан кейін екеуі көшеге жүгіріп шығып, анасына хабарласып, болған жайтты айтқан.
Әйел дереу балаларды учаскелік полиция қызметкеріне апарған. Камералар арқылы күдікті анықталған. Келесі күні, 12 қазанда ол сол жерде болғанын мойындаған, бірақ ештеңе істемегенін айтқан.
Қыздардың анасы полицияға арыз жазған. Ол сонымен бірге күдіктіні 16 қазанда өз ауласында көргенін айтқан. Сонымен қатар жас жігіттің туыстары оған келіп, арызды алуды өтінген.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомство фактіні растады.
"Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сексуалды сипаттағы іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады полиция.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!