Ақтаулық экоактивист Каспий теңізі түбіндегі қоқысты көрсетті

Фото: Видео кадры

Ақтаулық тұрғын әрі экоактивист Қанат Әбдіев Каспий теңізінің түбінен қоқыс жинап, жалғыз өзі су астында 1,3 шақырым жүзіп өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Instagram-парақшасында су астында құм мен балдырлардың арасынан пластик бөтелкелерді, көлік дөңгелек пен басқа да тұрмыстық қалдықтарды алып жатқан сәтін көрсеткен бейнежазба жариялады.

"Адамдар теңізде балық аулайды, ал біз қоқыс жинаймыз", - деп қалжыңдады сүңгуір.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Абдиев Канат (@abdiev_diving)

Активистің айтуынша, ол Каспийдің ластану мәселесіне назар аударту үшін мұндай сүңгу жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп келеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget