- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтаулық блогер Каспийге...
Ақтаулық блогер Каспийге құйылған лас суды көрсетті
Ақтау тұрғыны "кәріз суы теңізге ағып жатқаны" көрінетін видео жариялады. Экология департаменті өкілдері жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Каспийге құйылған лас судың видеосын жергілікті кәсіпкер әрі блогер жариялады.
"Каспий теңізіне қалдықтарды құю жағынан Баку мен Махачкаламен салыстырғанда Ақтау әлдеқайда таза деп едік. Сіздер не істеп жатсыздар? Бұл жалғыз қалалық жағажай ғой", - деп жазды Азамат Сәрсенбаев.
Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Армат Жүсіпқалиев жағдайға қатысты пікір білдіріп, видео ескі екенін айтты.
Дәлел ретінде су таза екені көрінетін сурет жіберді. Видео қаншалық ескі екеніне, экологтар сынама алды ма деген сұраққа шенеунік жауап бермеген.
Ал Азамат Сәрсенбаев бұл кадрлар 26 маусымда таңғы сағат 7-де түсірілгенін және бір тәуліктен кейін су тазарған болуы мүмкін екенін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова