- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауға ұшып шыққан...
Ақтауға ұшып шыққан ұшақ Атырауға шұғыл қонды
Фото:
көрнекі сурет
FlyArystan ұшағы қалың тұман салдарынан Атырауға қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.
"26 наурызда түнгі сағат 01:10-да ұшқан KC7775 Ақтөбе-Ақтау рейсі Ақтаудағы қолайсыз ауа райына, атап айтқанда, ұшып келу кезіндегі қою тұманға байланысты Атырауға шұғыл қонды. Атыраудан ұшып шығу жергілікті уақытпен 13:00-ге жоспарланған", - деді әуекомпания өкілдері.
Бұл жағдайда рейстің кешігу себебі әуекомпания кінәсінен емес және бақылаудан тыс болды, деп түсіндірді FlyArystan.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан