- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауға киелі жерлерді...
Ақтауға киелі жерлерді зиярат етуге барған алматылық сайдан табылды
Ақтауға киелі жерлерді зиярат етуге барған алматылық сайдан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 маусым күні сағат 10:45-те Ақтау мен Маңғыстау ауданының аралығында сайдан табылды. Қазіргі уақытта жоғалған азаматтың жағдайы жақсы, медицина қызметкерлеріне жүгінген жоқ.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінен 25 жеке құрам, 3 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп тобы, полиция департаментінен және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің құрамында 15 адамнан тұратын іздеу тобының күштері мен құралдары және 6 бірлік техника және Маңғыстау облысының волонтерлерінен 70 адам, 5 техника жұмылдырылды.
Еске салайық, Алматының 23 жастағы тұрғыны Мәжтай Жаханшах киелі жерлерді зиярат етуге Ақтауға барған, алайда 27 мамырдан бастап Мәжтай туыстарымен байланысқа шықпаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан