• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ақтаудың іргесінде бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

Ақтаудың іргесінде бір отбасы газдан уланып қайтыс болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Маңғыстаудағы Мұнайлы ауданында орналасқан тұрғын үй массивінде қайғылы оқиға болды. Үш адам қаза тауып, біреуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, оқиға 23 ақпанда "Қаламқас" тұрғын үй массивінде болған.

Бір отбасының төрт адамына иіс тиіп, үшеуі сол жерде жан тапсырған, оның екеуі - жасөспірім. Бір адам аман қалған, қазір ол ауыр жағдайда облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылған.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, қайтыс болғандардың отбасына қаржылай көмек көрсетіліп, басқа да қолдау шаралары жасалып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша үйдегі жылу пешінде түтін шығатын мұржа болмаған. Соның салдарынан улы газ сыртқа тарамай, үйдің ішіне жайылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget