Нұрдәулет Қилыбай "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры – басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жаңа басшыны компания ұжымына "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев пен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Ақтаудағы өкілдігінің атқарушы директоры Есен Өтеев таныстырды", - деп хабарлады "Самұрық-Қазына" қоры Telegram-каналында.
Еске салайық, Нұрдәулет Қилыбай 2022 жылғы 3 қазанда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Оған дейін Ақтаудың әкімі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!