- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтаудан 63 шақырым...
Ақтаудан 63 шақырым жерде бес жасөспірім суға батқан: бірі ауруханаға бара жатып қайтыс болды
Ақтауда бес жасөспірім суға батқан, олардың төртеуі аман, бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Диспетчердің пультіне қоңырау 18 маусымда түстен кейін келген. Куәгерлер жүзуге тыйым салынған жерде бес жасөспірім суға батып бара жатқанын айтқан.
Оқиға Ақтаудан 63 шақырым жерде болған. 2007 жылы туған жасөспірімдердің бірі ауруханаға бара жатып көлікте қайтыс болған. Үш қыз ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр дәрежеде деп бағалайды. 2008 жылы туған тағы бір қыз ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді.
Суға батқан жасөспірімдердің үшеуі өздері шыққан, екеуін куәгерлер құтқарған. Бірақ 2007 жылы туған жасөспірім ауруханаға бара жатқанда көлікте қайтыс болды.
Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова