- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұшақ апаты
Ақтаудағы ұшақ апатында аман қалғандар саны көбейді
Фото:
Азамат Сәрсенбаев
Ақтаудағы ұшақ апатында аман қалғандар саны көбейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.
Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша аман қалған 28 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жеткізілді.
Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.
Қазақстанның Көлік министрлігі де төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина