Ақтаудағы ұшақ апатында 25 адам аман қалды

Ақтаудағы ұшақ апатында 25 адам аман қалды
Фото: depositphotos.com

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтан 25 адам аман қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап. 

Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. 

"Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр. Алдын ала аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада. 

Барлығы ТЖД, МӨПС, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Жолаушылардың тізімі нақтыланып жатыр. 

Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.  Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. 

Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.

Қазақстанның Көлік министрлігі де төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек