Ақтаудағы ұшақ апатында 12 адам аман қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы журналистерге министр Ақмарал Әлназарова хабарлады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, бортта 62 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.
Қазақстанның Көлік министрлігі де төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!