- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұшақ апаты
Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандардың жағдайы туралы не белгілі?
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оқиға орнынан облыстың медициналық мекемелеріне 29 зардап шеккен азамат жеткізілген. Оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 жәбірленуші жеткізілді.
Жеткізілген 27 адамның 10-ы жансақтау бөліміне жатқызылады. Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала келіп түсті, операцияға дайындық жүріп жатыр. Олар:
1. Арсбаефа Мариям, 13.08.2013 жылы туған, алдын ала диагнозы: ЖБМЖ. Мидың шайқалуы. Беттің, мұрынның, жамбас аймағының көгеруі және жаралары. Жамбас сүйектерінің сынуы.
2. Джерова Салихат Хазриловна 22.01.2008 жылы туған алдын ала диагнозы: ЖБМЖ. Мидың шайқалуы. Сол жақ төменгі аяқтың ашық сынуы. 1-2 дәрежелі травматикалық шок.
Апат орнына 22 жедел жәрдем бригадасы мен 6 ЦӘК бригадасы (Апаттар медицинасы орталығы) және 4 санаттағы 2 бригада жіберілді.
Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.
Қазақстанның Көлік министрлігі де төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә