Қазақстанның төтенше жағдайлар қызметі Ақтаудағы ұшақ апаты болған оқиға орнынан суреттер жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады.
Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.
Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады. Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған дерек бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік тобы құрылған. Оның құрамына көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!