Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей мен Әзербайжан бірлескен мәлімдеме жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей мен Әзербайжан бірлескен мәлімдеме жасады
Фото: Midjourney

Ресей мен Әзербайжан 2024 жылы желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екі елдің Сыртқы істер министрліктері бірлескен мәлімдеме таратты. Мәлімдемеде Ресей Федерациясы мен Әзербайжан Республикасы президенттерінің 2025 жылы 9 қазанда Душанбеде қол жеткізген уағдаластықтарына сәйкес тараптар Embraer 190 ұшағы апатының салдарын, соның ішінде өтемақы төлеу мәселесін реттеуге келіскені айтылған.

Сондай-ақ, ұшақ апатына "Ресей Федерациясының әуе кеңістігіндегі әуе шабуылынан қорғау жүйесінің қасақана жасалмаған іс-қимылы" себеп болғаны көрсетілген.

Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?

Еске салайық, 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Оқиға салдарынан 38 адам қаза тапты (соның ішінде 3 адам - экипаж мүшесі), 29 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget