- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтаудағы ұшақ апаты
Ақтаудағы ұшақ апаты: қара жәшікке қатысты тың дерек белгілі болды
Ақтауда апатқа ұшыраған борттың қара жәшігіне қатысты тың дерек белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, алдағы күндері Астанаға қара жәшіктерден алынған материалдар келеді.
"Келген соң сарапшылар борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі", - деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін Әуе апаттарын тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) ұшақтың қара жәшіктеріндегі деректерді талдауды аяқтаған еді. Ақтау маңында апатқа ұшыраған "Әзербайжан әуе жолдары" (AZAL) ұшағының қара жәшіктеріндегі деректер алынды. Embraer 190 ұшағының деректері апаттың мән-жайын анықтап жатқан Қазақстан билігіне жіберілгені хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан