Ақтаудағы ұшақ апаты: қанша адам қаза тапқаны белгілі болды

Ақтаудағы ұшақ апаты: қанша адам қаза тапқаны белгілі болды
Фото: Азамат Сәрсенбаев

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының алдын ала деректері бойынша Ақтаудағы ұшақ апатынан қанша адам қаза тапқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 25 желтоқсанда сағат 10:58-де шұғыл санаты бойынша 1-санатты қоңырау түскен (ұшақ бортында баллон жарылған). Оқиға орнына 22 жедел жәрдем бригадасы және 6 Төтенше медицина орталығы бригадасы жіберілген.

"Қазір облыстық көпбейінді ауруханаға зардап шеккен 26 адам жеткізілді. Жеткізілгендердің ішінде 7 адам ауыр жағдайда, олар жансақтау бөліміне жатқызылып жатыр. Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала жеткізілді, екеуі де ауруханаға жатқызылды", - деп жазылған хабаралмада.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, оқиға орнында 4 адам қайтыс болғаны расталған.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.  Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. 

Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.

Қазақстанның Көлік министрлігі де төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова