Ақтаудағы ұшақ апаты: желіде видеолар тарады

Ақтаудағы ұшақ апаты: желіде видеолар тарады
Фото: Видео кадры

Ақтаудағы ұшақ апаты: желіде видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар мен суреттер тарап жатыр.   Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.  Желіде тараған ақпарат бойынша, ұшақ бортында 100-ден аса адам болған. Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. 

Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.

Қазақстанның Көлік министрлігі де төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек