Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзербайжан қаза болған стюардесса туралы фильм түсірмекші

Әзербайжан Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан стюардесса Хокума Алиеваның өміріне қатысты деректі фильм түсірмекші, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әзербайжан кинематографистер одағының хатшысы, өнер қайраткері, режиссер және сценарист Зия Шихлинский жаңа фильмнің түсіріліміне дайындық үстінде. 

Фильмнің көркемдік жетекшісі - Әзербайжан кинематографистер одағының төрағасы, халық әртісі Расим Балаев, сценарий авторы әрі режиссер - Зия Шихлинский, оператор - одақ басқармасының мүшесі, өнер қайраткері Адиль Аббасов.

Айта кетейік, Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің 2024 жылғы 29 желтоқсандағы жарлығымен Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан Embraer 190 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған кезде кәсіби шеберлігі, ерлігі және жолаушылардың өмірін сақтап қалуда көрсеткен батылдығы үшін Окюма Джалилқызы Алиеваға қайтыс болғаннан кейін "Әзербайжанның Ұлттық Батыры" атағы берілді.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embreaer 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Сондай-ақ 15 жастағы Каталина Ақтау маңында болған қайғылы оқиға кезінде жолаушылардың өмірін сақтап қалған қазақ халқына алғысын әнмен жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!