Ақтаудағы тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты

Ақтаудағы тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты
Фото: әлеуметтік желі

Ақтаудағы тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты. Бұл жайлы Маңғыстау облысының ТЖМ жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтау қаласындағы 17 шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйдің оныншы қабаттағы пәтердің балконында тұрмыстық заттар өртеніп, өрт пәтерге тез ауысты.

"Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 47 адам, оның ішінде 16 бала өз бетінше далаға шыққан. Өртсөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің тұрғын үйге таралуына жол берілмеді. Оқиға орнында ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері көмек көрсетті. Өрті жедел түрде 40 ш.м. алаңда толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова