Ақтаулық 21 жастағы спортшы Валерия Шалнованың өліміне оқиғаға қатысты тың мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Зардап шеккен тараптың адвокаты Ажар Әбділ ақтаулық спортшы Валерия Шалнова тап болған қайғылы оқиғаға қатысты Facebook-тегі парақшасында жазды.
Адвокаттың қолында адам өлтіру оқиғасы болған шілденің 1-нен 2-сіне қараған түні түсірілген бейнетіркегіштің жазбасы бар екен.
Еске салайық, Ақтауда 2 шілде күні су арнасынан жас қыз Валерия Шалнованың денесі табылған болатын. Ол қоян-қолтық ұрыстан кәсіби түрде жаттығады. Ол көп жүлдеге ие болып, спорттық жарыстарға қатысқан.
Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша іс қозғап, кейін оны 119-бапқа - "Қауіпті жағдайда қалдыруға" өзгертті. Кейін құқық қорғау органдары 21 жастағы спортшының өліміне қатысты бапты Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" деп өзгертті. Күдікті қамауға алынды.
Марқұмның туыстары басқа өңірдегі мамандардың көмегімен тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етті.
18 шілдеде Ақтауда 21 жастағы спортшы Валерия Шалнова жерленді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!