Ақтаудағы 15 шағынауданда газ құбыры жарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сағат 14:32-де Ақтау қаласындағы 15 шағынауданда газ құбырының жарылғаны туралы ақпарат келіп түскен.
Өрттің алдын алу үшін 2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 6 қызметкер шықты. Оқиға орнында газ құбырынан жоғары қысымда газдың шығуы анықталды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында 104 қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!