Ақтауда 26 жастағы полицейдің өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Ол 3 тамызға қараған түні 17-шағынауданда пышақ жарақатын алып, қаза тапқан болатын, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Бейресми ақпарат бойынша, тәртіп сақшысы сыныптастардың кездесуінде мектептегі танысымен жанжалдасып қалған. Жанжал кезінде танысы пышақ алып, полицейді мойнынан жарақаттаған. Полицей есін жимастан, ауруханада көз жұмған.
Желіде марқұмның өмірінің соңғы минуттарының видеосы пайда болды. Кадрларда жақын маңдағы ер адам жәбірленушінің жарақатын қалай таңып жатқанын көруге болады. Қаза болған полиция қызметкерінің артында жұбайы мен екі баласы қалды.
Кісі өлтірген күдікті ұсталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол - қаладағы танымал футболшы.