Ақтауда пәтерлердің бірінде еден опырылып түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
8-шағынауданда 17-үйдің 1-қабаттындағы пәтердің едені опырылып түсті. Асүй мен жуынатын бөлме арасындағы дәліздің бірнеше еден тақтасы жертөлеге құлап кеткен.
Пәтер иесінің айтуынша, бұған жертөледегі құбырлардың үздіксіз жарылуы себеп болған. ПИК еденнің дұрыс жөнделмегеніне сенімді.
Қалған тұрғындар жертөледегі тұрақты проблемаларға шағымданды. Ол жерден үнемі бу мен жағымсыз иіс шығады. Тұрғынның оқиғасынан кейін бірінші қабатта тұратындар да бұл мәселеге алаңдайтынын айтты.
"Мен ПИК мамандарын шақырдым. Олар келіп, бұл дұрыс жөнделмегеннен болғанын айтып, бірнәрсені дұрыс істеппіз. Бұл енді өтірік. Жертөледен плита құлап кетті, олар кінәлі. Мен ешқашан жабын жасамадым, пәтерді түбегейлі өзгерткен де, тазалаған да емеспін. 4 жыл бұрын плитка жапқанмын, болды", - дейді Ақтау тұрғыны.
"Ақтау Рауан ЛТД" ЖШС сервистік серіктестігінің басшысы Таңатар Жайбергенов шақырылған комиссиямен оқиға орнын тексеріп, пікір білдірді.
"Түтіктің барлығы шіріген дегенімен келіспеймін. Себебі мен жеке өзім жертөлеге түсіп көрдім, ол жерде бәрі құрғақ. Әрине, бір жерде кәріз жүйесі ағып жатуы мүмкін, бірақ бұдан еден құлап кетуі мүмкін емес. Ол жерде ағаш еден алынып, үстіне стяжка төселген, бірақ дұрыс жасалмаған сияқты. Мен қала құрылысының маманы мен тұрғын үй инспекциясының басшысын шақырдым және инженерім де, заңгерім де келді. Бәрі бір қорытындыға келді. Алайда бірлескен күш-жігер арқылы еденді жөндейміз деген қорытындыға келдік. Иесі цемент алады, жұмысшылармен және басқа да құрылыс материалдарымен қамтамасыз етемін", - деді Таңатар Жайбергенов.
Сондай-ақ, ПИК басшысы көрші пәтерлердің тұрғындарын алаңдайтын нәрсе жоғын айтты. Еденнің опырылуына осы пәтердегі дұрыс жөндеу жұмыстары себеп болған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!