Әлеуметтік желіде "Ақтаудағы мектептерде террористік акт жоспарланып жатыр" деген жалған ақпарат тарап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Артынша полиция тексеріп, қауіпсіздік шараларын күшейткен. Сонымен қатар, ІІМ өкілдері террористік акт туралы жалған хабар таратқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертті.
"Әлеуметтік желілердегі террорлық акт туралы хабарлама - жалған ақпарат. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мектептерде тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесінде тізімде көрсетілген білім беру ұйымдарының ғимараттары қауіпсіз екені расталып, әрқайсына тиісті актілер берілді. Алдағы уақытта қосымша тексеріс жүргізу жоспарланған. Оқиға Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауында", - деді өңірдің ПД өкілі.
Маңғыстау облысының Білім басқармасы мәліметінше, бүгін Ақтау қаласындағы барлық мектепте сабақтар дәстүрлі форматта, сабақ кестесіне сәйкес өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!