- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтаудағы мектепте мұғалім...
Ақтаудағы мектепте мұғалім мен оқушының жанжалы видеоға түсіп қалды
Ақтаудағы мектепте мұғалім мен оқушының жанжалы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқушылар жанжалды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Lada.kz-тің хабарлауынша, оқушы сабаққа өрмекшінің суреті бар маска киіп келіп, кейін оны шешуден бас тартты. Бұл мұғалімге ұнамай, оқушыны сыныптан шығаруға тырысқан. Алайда осы кезде бала қарсылық көрсете бастаған.
Полиция бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.
"Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг кезінде Ақтаудағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысының сабақ кезінде мұғалімнің сөзін тыңдамағаны түсірілген видео анықталды. Осы факті бойынша Ақтау полиция басқармасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары жасөспірімнің ата-анасын анықтап, профилактикалық әңгіме жүргізді", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Мұғалім бұл оқиғадан кейін полицияға шағым түсірмеген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан