- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтаудағы мектепте мұғалім...
Ақтаудағы мектепте мұғалім мен оқушы жанжалдасқан: полиция пікір білдірді
Ақтауда мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал видеоға түсіп қалған еді. Полиция бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқушы сабаққа өрмекшінің суреті бар маска киіп келіп, оны шешуден бас тартқан. Бұл мұғалімге ұнамай, оқушыны сыныптан шығаруға тырысқан. Алайда осы кезде бала қарсылық көрсете бастаған.
Білім бөлімі мәліметінше де, жанжал оқушының сырт келбетіне байланысты шыққан.
Аймақ полициясы бұл оқиға 16 қазанда 14-шағынаудандағы №1 мектепте болғанын хабарлады.
"Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында Ақтау мектептерінің бірінде сабақ барысында 8-сынып оқушысы мұғалімнің ескертуін тыңдамағаны туралы видео анықталды. Осы дерек бойынша Ақтау полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары жасөспірімнің ата-анасын анықтады, профилактикалық әңгіме жүргізілді", - дейді аймақ полициясы өкілі.
Полиция оқытушы тарапынан арыз түспегенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы мектепте мұғалім мен оқушының жанжалы видеоға түсіп қалғаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шашты фенмен кептіру зиян ба?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова