Ақтаудағы концерттен кейін блогерлер алаяқтық жасады деп айыпталды

Ақтаудағы концерттен кейін блогерлер алаяқтық жасады деп айыпталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Демеушілер Aktau Fest 2025 концертін ұйымдастырғандар мен оған қатысқан блогерлерді алаяқтық жасады деп айыптады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Концерт 30 маусымда Ақтаудағы "Жас Қанат" стадионында өткен.

Концерттің демеушілерінің бірі берген мәліметке сүйенсек, блогерлер іс-шараны өткізу үшін 20 инвестордан әрқайсысынан 5-тен 10 миллион теңгеге дейін қаржы алған. Олар ақшаны 20–30 пайыз пайдамен қайтаруға уәде бергенімен, әлі күнге дейін қаражатты да, уәде етілген пайызды да қайтармаған.

Оның айтуынша, бұл жағдайға қатысты дәлелдер бар: қолхаттар, бейне-сенімхаттар, хат алмасу скриншоттары, ақша аударымдарын растайтын банк түбіртектері және басқа да қаржылық құжаттар.

Сондай-ақ, оның сөзінше, блогерлер байланысқа шықпай, ақшаны қайтару туралы хабарламаларды елемей отыр.

"Біз көпшілікке танымал адамдарға сеніп, серіктестік адал болады деп ойладық. Енді көпшілігіміз ақшасыз қалдық. Кейбір инвесторлар тіпті қарыздарын жабу үшін баспанасын сатуға мәжбүр болды", - деді инвесторлардың бірі.

Бұл іске байланысты инвесторлар құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Полиция департаменті хабарлағандай, Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget