26 сәуірде "МАЭК" ЖШС өкілдері мен Маңғыстау облыстық әкімдігі бірлесіп ауызсу тарифтерін көтеруге байланысты қоғамдық тыңдаулар өткізді. Шараға блыс әкімінің бірінші орынбасары 100 шелек әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Бастапқыда тыңдаулар дәстүрлі форматта өтті. Бірақ кәсіпорынның бас директоры Қайрат Рахимов сөз сөйлегеннен кейін бір сағаттан соң облыс әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев бір текше метр судың көлемі қанша екенін көрсетуді жөн көрді. Бұл үшін оған шелектер керек болды.
"Біз еш ойланбастан 498-500 теңгеге газсыз ауызсуды сатып аламыз. Мұнда 100 шелек бар. 60 шелекті толтырсаңыз, мұны MAEK секундына өндіре алады. Орташа талап етілетін тариф 398 теңге деп айтып жатырмыз. Мен жай ғана бұл қанша боларын көзбен көрсеткім келді. Біз бұл "текше метрді" өте субъектив қарай бастадық. Мен ұтымдылыққа, объективтілікке шақырамын. Қайрат Болатұлы (МАЭК директоры - еск.) бұған дейін де айтып өткен болатын, шынында да саяжайларда тұратын кейбір адамдар, мәселен, ауыз суды пайдаланады", - дейді Жұмабай Қарағаев.
Ол қазір жергілікті билік тарапынан су ресурстарын ұтымды пайдалану бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Жиналғандар "бұл МАЭК шелектері ме?" деген сұрағына ол олар тарифке кірмейді деп әзілдеп жауап берді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары шелектер дүкеннен уақытша алынғанын айтты.
Эксперимент үшін Жұмабай Қарағаев бір шелекке екі бес литрлік бөтелкенің суын толтырғысы келген, бірақ адамдар оны үнемдеуді сұрады: оны төгіп тастамай, мақсатына сай пайдалануды сұрады.
Жиналғандардың "Мұның бәрі не үшін?" деген сауалына ол бір текше метр судың не екенін, оны ұтымды әрі ұқыпты пайдаланудың қаншалық маңызды екенін өскелең ұрпақ түсінсін деп жауап берді.
Жұмабай Қарағаевтың айтуынша, МАЭК-тің орташа өнімділігі тәулігіне - 55 мың текше метр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!