Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды

Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Фото: depositphotos.com

Ақтауда Маңғыстау атом энергетикалық зауытында (МАЭК) жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

23 желтоқсанда электр станциясында төтенше жағдай болып, бір жұмысшы қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша, оның үстіне құбыр құлаған. Облыстық полиция оқиғаның егжей-тегжейін нақтыламады, бірақ басылым дереккөздерден жөндеу цехының шеберінің жұмыс орнында қаза тапқанын анықтаған.

Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция.

Еске салайық, бұған дейін Майқайыңда ер адам қаза тапқанын хабарлаған едік. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қайғылы оқиға "Майқайыңалтын" АҚ-да 140 метр тереңдікте болған. Жүк тиеу және жеткізу көлігінің жүргізушісі артқа қарай келе жатып, 32 жастағы механикті басып өтті. Көлік астында қалған жәбірленуші сол жерде көз жұмды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан