- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтаудағы жартасты жағалауға...
Ақтаудағы жартасты жағалауға құрылыс жұмыстары қауіп төндіріп тұр
Әлеуметтік желі қолданушылары Жартас жолы жағалауындағы үңгірдің бір бөлігін тіреп тұрған құрылымды видеоға түсіріп алған. Тұрғындар үңгір құлап кетуі мүмкін деп алаңдап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" сайтына сілтеме жасап.
Видеода үңгірдің үстінде құрылыс жүріп жатқандығы көрінеді. Ақтау тұрғындары жұрттың көптеген шағымына қарамастан 4А шағынауданында әлі де жалғасып жатқан құрылысқа наразылықтарын білдіріп отыр.
Қала тұрғындарының бірі Жартас жолы жағалауындағы үңгірде жартастың бір бөлігін тіреп тұрған құрылымды видеоға түсіріп алған. Бейнеде үңгірдің маңайын қоршап қойғаны да көрініп тұр. Сондай-ақ, желі қолданушылары 14 тамызда үңгір іші құлағанын айтады.
"Жартас жолы" 2018 жылы Ақтауда Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран көшбасшыларының кездесуі өткен кезде таныстырылған. Аймақ үшін тарихи құжат болып саналатын - Каспий теңізінің мәртебесі туралы Конвенцияға да сол уақытта қол қойылған.
Ашылғанына аз уақыт болғанына қарамастан, "Жартас жолы" қаланың ең танымал туристік орындарының біріне айналған. Алайда, 2022 жылдың қаңтарында серуендеу аймағының бөлігінде тастардың құлауына байланысты қауіпті деп танылып, уақытша жабылған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан