Ақтауда бірнеше ер адам төбелесті. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada-ға сілтеме жасап.
Оқиға қаладағы 19-шағын ауданында болған. Кадрларда қанға боялған ер адамның жерде жатқаны, ал тағы бірнеше адам төбелесіп жатқанын көруге болады. Кейінірек жерде жатқан адам тұрып, төбелісіп жатқандарға қосылады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ полицейлер төбелеске қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!