- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтаудағы жағымсыз иіс...
Ақтаудағы жағымсыз иіс қайдан шыққаны анықталды
Ақтаудағы жағымсыз иіс қайдан шыққаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары тұрғындардың шағымы негізінде атмосфералық ауаға жедел мониторинг жүргізді. Мониторинг жұмыстары Басқұдық ауылына қарасты канал бойына, "Қошқар-Ата" қалдық қоймасының қасындағы ескі полигон және өндірістік аумақтарына жүргізілді. Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ластану ошағы ескі полигон аумағында анықталды.
Атмосфералық ауадан алынған сынама күйе көрсеткішінің 14,652 мг/м3 (0,150 ШРК), яғни 97.7 есе шекті концентрациядан артуын анықтады. Куәгерлердің айтуынша, қара темір іздеушілер ескі полигонды қопсытып, техникамен ашу салдарынан ауада жағымсыз иіс пен өрт болған.
- Сонымен қатар Атамекен селосының өндірістік аумағында орналасқан жеке шаруашылыққа арналған аумақтың атмосфералық ауасынан көміртегі тотығы көрсеткіші 5,11 мг/м3 (5,0 ШРК), яғни 1,03 есе шекті концентрациядан артуын көрсетті. Өз кезегінде департамент мамандары ластану ошағының тиесілі иесін анықтап, заң аясында шара қолдануды жалғастырады, - деді облыстық экология департаменті мамандары.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина