- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтаудағы балабақшаның бірінде...
Ақтаудағы балабақшаның бірінде 12 балаға 4 порция тамақ берілген
Ақтауда 9-шағынауданда орналасқан №29 балабақшадағы балалардың ата-аналары бейнекамера таспаларын көріп, қатты ашуланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "inAktau.kz" сілтеме жасап.
Кадрлардан таңертең таңғы асқа 12 балаға тек бес порция, ал кешкі асқа төрт табақ ұсынылды.
"Кім үлгерді, сол тәрелкелерді алды, ал үлгермегендер басқалардың тамақтанғанына қарап отырды", - дейді ата-аналар ашуланып.
View this post on Instagram
Ақтау қалалық білім бөлімінде аталған жағдай бойынша комиссия құрылып, тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. Ведомствода тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарлауға уәде берілді.
Сонымен қатар, inAktau.kz редакциясы Ақтау прокуратурасының іске араласуын талап етіп отыр, өйткені бұл тек кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзып қана қоймай, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді
Тағы да оқи отырыңыздар: Үй майлау деген не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә