Ақтауда балабақша меңгерушісі гигиеналық процедуралар кезінде күйіп қалған қыздың оқиғасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, процедураларды жүргізген күтуші жұмыстан шығарылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Мектепке дейінгі мекеменің өкілінің айтуынша, бала су ысып кеткен кезде зардап шеккен.
"Медбике мен тәрбиеші дереу шұғыл медициналық көмек көрсетті, ата-анасымен байланысып, жағдайды хабарлады. Ол кезде қызарып тұрған, жағдайы қанағаттанарлық болды. Алайда бір сағаттан кейін көпіршіктер пайда болды. Қатемізді мойындаймыз және осы оқиға үшін толық жауап береміз. Сондай-ақ, кез келген қосымша ақпарат беруге және баланы емдеу кезінде қажет болуы мүмкін көмекті көрсетуге дайынбыз. Балабақша басшылығы баланы емдеуге жұмсалған барлық шығынды өтеуге дайын", - деді меңгеруші.
Балаға гигиеналық процедураларды жүргізген күтуші сол күні жұмыстан шығарылған.
"Оның әрекеттерін ақтай алмаймыз. Болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қажет шараларды қабылдаймыз. Баланың ата-анасынан болған оқиға үшін тағы да кешірім сұраймыз", - деді меңгеруші.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда балабақшада 2 жасар қыз ыстық суға күйіп қалғаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз