- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда заң бұзған...
Ақтауда заң бұзған адам TikTok-тағы видео арқылы табылды
Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі TikToк-тағы видео арқылы табылды. Оған Әкімшілік кодекстің бес бабы бойынша айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
TikTok-та Lada көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзған видео жарияланды. Жолаушы ұялы телефонына болған жайтты түсіріп алған. Ал ер адамның әрекеті үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.
"Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде "Лада" автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзғаны туралы бірнеше видео табылды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні анықтады. 20 жастағы жүргізушіге мына баптар бойынша бес әкімшілік хаттама толтырылды: 596, 590, 606, 595, 593. Көлік айыппұл тұрағына қойылды", - деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова