Ақтауда үйдің шатырынан салынған футбол алаңы жұртты таңғалдырды

Ақтауда үйдің шатырынан салынған футбол алаңы жұртты таңғалдырды
Фото: lada.kz

Қаланың орталығындағы Qazstyle Proboxing спорт клубы орналасқан ғимараттың төбесінде футбол алаңы ашылды, - деп хабарлайды Lada.kz.

11-шағынауданның тұрғыны ғимарат төбесіне салынған футбол алаңының видеосымен бөлісті.

Видео авторының айтуынша, футбол алаңы 11-шағын ауданда "Qazstyle" пробоксинг спорт клубы орналасқан ғимараттың төбесіне салынған. Тұрғындарға пәтер терезесінен футбол мен баскетбол ойындарын тамашалау бақыты бұйырған.

Қала басшылығы ғимараттың жеке меншігінде екенін айтты.

Г. Досымшалова
Logotype Massaget